ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы Хатшылықта келді
2024 ж. 23 ақпан

2024 жылғы 23 ақпанда ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының (ТҰҰЖ) Төрағасы Нуман Куртулмуш еріп келген делегациямен бірге Әзербайжанға Азия Парламенттік Ассамблеясының (AПА) 14-ші пленарлық отырысына қатысу үшін іссапары аясында ТҮРКПА Хатшылығына келді.

Парламент басшысына ТҰҰЖ мүшелері Эльван Ышык Гезмиш, Шамиль Айрым, Абдулкадир Эмин Өнен, Ильяс Топсакал, Куршад Зорлу, Мұстафа Билиджи және Түркия Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі Джахит Бағджы ілесіп жүрді. Қонақтарды қарсы алған ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр Хатшылық қызметі туралы хабардар етті.

ТҰҰЖ Төрағасы Бас хатшыға және Хатшылық қызметкерлеріне жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді. Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне және Түркі ынтымақтастығының парламентаралық және басқа да маңызды салаларын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Танысу соңында барлығы суретке түсті.