ТҮРКПА-ның VIII пленарлық сессиясы
2018 ж. 20 қараша – 2018 ж. 21 қараша
Измир

Түркияның Ұлы ұлттық жиналысын ұйымдастырған ТҮРКПА сегізінші пленарлық отырысы 2018 жылы 20-21 қараша Измирде өтті.

Кездесуге Огтай Асадов мырза Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжіліс төрағасы, Нұрлан Нығматулин мырза Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы, Дастанбек Жұмабеков мырза Қырғызстан Республикасы Жоғарғы кеңес төрағасы, Бинали Йылдырым мырза Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері және ТҮРКПА қазіргі төрағасы, сондай-ақ Ласло Кёвер мырза Венгрия Ұлттық жиналысының спикері ТҮРКПА бақылаушы ретінде және Хатамжон Кетмонов мырза Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының төрағасының орынбасары қонақ ретінде келді.

Сондай-ақ, отырысқа түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесінің, ТҮРКСОЙ, түркі мәдениеті мен мұрасы Қорының, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының (ҚЭЫПА), ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ), ИЫҰ қатысушы елдердің Парламенттік одағының, сондай-ақ түркі әлемінің инженерлері мен сәулетшілері Одағының Ахмет Ясауи атындағы университеттің өкілдері және түркі жастарының Дүниежүзілік лигасы қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Бинали Йылдырым мырза өзінің қырғыз әріптесіне Жоғарғы Кенестің ТҮРКПА төрағалық етуі кезіндегі Ассамблея қызметіне қосқан құнды үлесі және Венгрия мен Өзбекстанның парламенттік делегацияларының пленарлық отырысқа қатысуынан қанағаттанғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ТҮРКПА соңғы онжылдықта үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті және ТҮРКПА аясындағы ынтымақтастықта одан әрі ілгерілеушілікке сенім білдірді.

Ассамблеяның өткен онжылдығын оң бағалай отырып, Огтай Асадов мырза әрбір қатысушы елдің парламенттік дипломатияның бірегей тарихы бар екенің және ТҮРКПА парламенттік дипломатия арқылы парламентаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосқаның атап өтті.

Соңғы он жыл ішінде ТҮРКПА даму жолында келе жатқаның атап өткен Нұрлан Нығматулин мырза Ассамблеяның қызметі түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және үлкен артықшылықтар алуға оң әсер ететінің атап айтып кетті.

Түркі тілдес елдері арасындағы ынтымақтастық барлық қатысушы елдердің мүдделеріне сай екенің атап өткен Дастанбек Жұмабеков мырза түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы парламенттік дипломатияның маңызды рөлін атап өтті.

Ласло Кевер түркі тілдес елдермен ынтымақтастықтың маңыздылығың айта келе, Венгрия түркі тілдес елдермен достық пен тығыз ынтымақтастыққа ерекше назар аударатының айтып өтті.

Пленарлық отырысқа қонақ ретінде қатысудан қанағаттанушылық білдіре отырып, Хатамжон Кетмонов мырза шақырғаны үшін алғысын білдіріп, ұйымның алдағы қызметіне табыс тіледі.

Сегізінші пленарлық отырыстың күн тәртібінде ТҮРКПА комиссияларының соңғы отырыстарының баяндамалары мен ұсынымдарын, ТҮРКПА Әзірбайжандағы Президент сайлауы мен Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау жөніндегі халықаралық бақылаушылар миссияларының баяндамаларын қабылдау болды. Садық Шер-Нияз мырза ТҮРКПА әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып қайта сайланды, ал Исмет Учма мырза мен Реджеп Шекер мырза ТҮРКПА құқықтық мәселелері және халықаралық қатынастары жөніндегі комиссиясының төрағасы және қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары ретінде бекітілді.

2019 жылы Әзірбайжанда ТҮРКПА кезекті тоғызыншы пленарлық отырысын өткізу туралы шешім қабылданды.

Кездесу соңында Измирлік декларациясы-сегізінші пленарлық отырыстың қорытынды құжаты қабылданды.

Пленарлық отырыстан кейін баспасөз конференциясы өтті, онда мүше-парламенттердің төрағалары сегізінші пленарлық отырыстың қорытындысын оң бағалады.

Декларация