Friday, 27 January 2023, 14:57:19 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ҚазСтандартпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2022 жылғы 18 қарашада Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы Астанадағы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстандық стандарттау және метрология институтында болып, Бас директоры Ғабит Мұхамбетовпен кездесті.

Тараптар бір-бірін өздерінің тиісті мекемелерінің қызметі туралы хабардар етіп, өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ТҮРКПА мен ҚазСтандарт Ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, онда тараптар мекемелер арасындағы қатынастарды нығайтуға және сапа инфрақұрылымы, экономика, қолданбалы зерттеулер және басқа да сабақтас салалар саласындағы ынтымақтастықтың негізін қамтамасыз етуге уағдаласты.