Thursday, 09 February 2023, 12:56:49 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА бақылаушылары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

2022 жылғы 18 қарашада ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының Төрағасы, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Эрол Кайя мырза бастаған ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы (СБМ) өзінің бақылау бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов мырзамен кездесті.

Тұрсынов мырза Миссия мүшелеріне Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың мониторингі процесіне қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сайлауды маңызды саяси процесс ретінде сипаттады. Министрдің орынбасары Миссияны сайлауға дайындық туралы хабардар етті.

Миссия адал және ашық дауыс беруді өткізуде табыс тіледі.