Thursday, 09 February 2023, 13:22:24 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Миссиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Басшысымен кездесті

2022 жылғы 19 маусымда Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Эрол Кайя мырза бастаған және Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия парламентшілерінен, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдерінен құралған ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов мырзамен кездесті.

Парламент Басшысы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы елдің одан әрі дамуын тек демократиялық негізде қамтамасыз ететін саяси процесс ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Миссия басшысы алдағы сайлауда Қазақстан халқына табыс тілеп, Қазақстанның қарқынды дамуы бүкіл өңір үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Кайя мырза алдағы сайлаудың нәтижелері елдің одан әрі ілгерілеуі мен өркендеуіне ықпал етеді деп үміттенгенін жеткізді.