Thursday, 09 February 2023, 14:24:07 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА бақылаушылары Қазақстан Парламенті Сенатының Басшысымен кездесті

2022 жылғы 18 қарашада ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының Төрағасы, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаы Эрол Кайя мырза бастаған ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы (СБМ) өзінің бақылау бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мырзамен кездесті.

Қазақстанның сайлауды бақылауға берген зор мәнін атап өтіп, Әшімбаев мырза ТҮРКПА СБМ-ның мерзімінен бұрын президенттік сайлауды халықаралық байқау процесіне қосқан үлесіне баса назар аударды.

Өз кезегінде, Миссия басшысы Кайя мырза ТҮРКПА СБМ қызметі сайлау процесін объективті бағалауға бағытталғанын атап өтіп, алдағы сайлауда Қазақстан халқына табыс тіледі.