Thursday, 09 February 2023, 12:30:51 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Миссиясы Қазақстан ОСК Төрағасымен кездесті

2022 жылғы 17 қарашада ТҮРКПА-ның Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашада өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін Астанаға келді. Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының Төрағасы Эрол Кайя бастаған СБМ Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия парламентшілерінен, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдерінен тұрады.

17 қарашада Миссия Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Төрағасы Нұрлан Әбдіров мырзамен кездесті.

ОСК Төрағасы ТҮРКПА бақылаушыларына ағымдағы дайындық, сайлау әкімшілігі органдарының осы тұрғыда атқарған жұмыстары және мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Әбдіров мырза сайлау науқанының негізгі кезеңдері туралы да хабардар етіп, Миссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Миссия әділ, еркін және ашық сайлауды дайындау және өткізу процесінде ОСК-ға табыс тіледі.

Миссия өзінің бақылау бағдарламасы шеңберінде кандидаттардың ресми тұлғаларымен және өкілдерімен кездесулер өткізеді және сайлау күні Астана және Алматы қалаларында дауыс беру процесін бақылайды. Миссия 21 қарашада өтетін Баспасөз мәслихатында өзінің бақылауының алдын ала нәтижелері туралы мәлімдеме ұсынады.