Thursday, 09 February 2023, 14:25:24 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Өзбекстандағы Түркия ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығы

2022 жылдың 12-13 қарашасында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Ташкентте өткен Өзбекстандағы Түркия ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығына арналған бағдарламаға қатысты.

Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу мырза бастаған делегация мүшелері мерекелік іс-шараларға қонақ ретінде қатысу үшін Өзбекстанға барды.

Мерейтойлық бағдарламаның бірінші күні, 2022 жылғы 12 қарашада Ұлы Отан соғысы кезінде әртүрлі ұлттардың 15 жетімін паналаған Шомахмудовтар отбасына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ескерткіш Өзбекстан халқының достығын, тектілігі мен толеранттылығын бейнелейді.

Салтанатты рәсімнен кейін Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде «Өзбек-Түрік мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының жаңа дәуірі және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық ынтымақтастық комитетінің басшылығы мен лауазымды тұлғалары, Түркия Республикасынан келген қонақтар, Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің оқытушылары мен студенттері, Қолданбалы этнология зертханасының қызметкерлері, ұлттық мәдени орталықтар мен басқа да жоғары оқу орындарының белсенділері қатысты.

Шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық ынтымақтастық комитетінің төрағасы Рустам Құрбанов мырза, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу мырза, Өзбекстандағы Түркия ұлттық мәдени орталығының Төрағасы Омер Салман мырза және басқалар құттықтау сөз сөйледі. Шақырылған қонақтардың баяндамалары тыңдалды. Конференцияда атап өтілгендей, этносаралық келісім мен толеранттылық өзбек халқының руханияты мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, Түркілердің ел дамуындағы рөлі туралы пікірлер айтылды.

Түстен кейін Шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық ынтымақтастық жөніндегі комитет түрік делегациясының мүшелерімен кездесу өткізді.

2022 жылғы 13 қарашада мәдени бағдарлама аясында Халықтар достығы алаңына және Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетіне бару ұйымдастырылды, сондай-ақ іс-шараға қатысушылар үшін гала-концерт өткізілді.