Thursday, 09 February 2023, 12:44:47 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының Тоғызыншы Саммиті өтті

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр 2022 жылғы 11 қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен «Түркі өркениеті үшін жаңа дәуір: жалпы даму мен өркендеу жолында» тақырыбындағы Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Мемлекет басшыларының Тоғызыншы Саммитіне қатысты.

Өзбекстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзиеев ұйымдастырған Саммитке Әзербайжан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Режеп Тайып Ердоған, Мажарстан Премьер-Министрі Жоғары Мәртебелі Виктор Орбан, Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Түрікменстан Милли Генгеші Халк Мәслахатының Төрағасы Жоғары Мәртебелі Гурбангулы Бердімұхамедов және ТМҰ Бас хатшысы Жоғары Мәртебелі Бағдад Әміреев қатысты.

Саммит барысында ұйымға төрағалық Түркиядан Өзбекстанға берілді.

Кездесу барысында қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің, сондай-ақ Түркі мемлекеттері арасындағы сауда қатынастарын жеңілдетудің маңыздылығы талқыланды.

Саммитте 2022-2026 жылдарға арналған ТМҰ Стратегиясы, ТМҰ Саудасын жеңілдету стратегиясы, Оңайлатылған кедендік дәлізін құру туралы келісім, Халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісім, Көліктік байланыс бағдарламасы, сондай-ақ Самарқанд декларациясы туралы шешімдер сияқты бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Солтүстік Кипр Түркия Республикасына (СКТР) ТМҰ-на бақылаушы мәртебесі берілді. Саммитте Түркі инвестициялық қорын құру туралы шешім қабылданды.

Саммитте ТМҰ Бас хатшысы мен Бас хатшысының орынбасарларын, сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясының Президенті мен Вице-президентін тағайындау туралы шешім қабылданды. Көшбасшылар Жоғары Мәртебелі Кубанычбек Өміралиевті келесі мерзімге ТМҰ жаңа Бас хатшысы етіп тағайындады.

2023 жылы Қазақстанда келесі Саммитті өткізу туралы шешім қабылданды.

Кездесуден кейін марапаттау рәсімі өтті. Түркия Президенті Жоғары Мәртебелі Режеп Тайып Ердоған мен Түрікменстан Милли Генгеші Халк Мәслахатының Төрағасы Жоғары Мәртебелі Гурбангулы Бердімұхамедов «Түркі Әлемінің жоғарғы орденімен» марапатталды.

Түркі Әлемінің бірлігі мен дамуына қосқан үлесін ескере отырып, әлемге әйгілі қырғыз жазушысы Чингиз Айтматов қайтыс болғанынан кейін Әлішер Науаи сыйлығымен марапатталды. Марапат Қырғыз Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Садыр Жапаровқа табысталды.