Friday, 27 January 2023, 14:59:18 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы ТМД ПАА әріптесімен кездесті

2022 жылғы 7 қазанда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Санкт-Петербургте өткен «Демократиялық сайлау стандарттары туралы ТМД Конвенциясы: халықаралық ынтымақтастық үшін ашық кеңістік» конференциясы аясында ТМД ПАА-дағы әріптесі Дмитрий Кобицкиймен кездесті.

Бас хатшылар ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Олар мүше мемлекеттердегі сайлау мен референдум кезінде екі ұйымның сайлауды бақылау миссиялары арасында өткізілген кездесулерді оң бағалады.

Екі тарап ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін қуаттап, тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.