Friday, 27 January 2023, 14:21:27 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде Құтлық Елтеріс Қағанға арналған мемориалдық кешен мен жазба ескерткішінің таныстырылымы өтті

2022 жылғы 4 қазанда Бас хатшының орынбасары Ноорузбек Арстанбеков Екінші Көктүрік қағанатының негізін қалаушы Елтеріс Қағанға арналған мемориалдық кешен мен жазба ескерткішінің таныстырылым рәсіміне қатысты.

Шараны Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен Ғылым және білім министрлігі мен Баку Мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында Әзербайжан Ғылым және білім министрінің орынбасары Фирудин Гурбанов, Баку Мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Иса Хабиббайлы, Әзербайжан Жазушылар Одағынының Төрағасы Анар Рзаев, Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты Ганира Пашаева, Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты Джаваншир Фейзиев, Халықаралық Түркі академиясы Президентінің міндетін атқарушы Физули Маджидли және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Афат Гиблалиева сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушыларға археологиялық олжалар туралы толық ақпарат берілді.

Халықаралық Түркі академиясы (ХТА) Моңғолия Ғылым академиясының археология институтымен бірлесіп Моңғолияның Өтүкен аймағында жүргізген ғылыми қазба жұмыстары кезінде Көктүрік билеушісі Елтеріс Қағанға тиесілі деп есептелетін мемориалдық кешен мен жазу ескерткіші табылды.

Келесі таныстырылым 15 желтоқсанда Францияда ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өтеді.