Friday, 27 January 2023, 16:10:35 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Әзербайжандағы Еске алу күнінде шейіттердің рухтарына тағзым етеді

27 қыркүйек Әзербайжандағы 44 күнге созылған Отан соғысында асқан ерлігімен Әзербайжан Республикасының аумақтық тұтастығы үшін жанын пида еткен шейіттерді терең құрмет көрсетудің нышаны ретінде Еске алу күні болып белгіленген.

Әзербайжан халқының ерік-жігері, Бас қолбасшысы – Президент Ильхам Әлиевтің басшылығымен жеңіске жеткен Әзербайжан армиясының табандылығы мен теңдессіз батылдығы жаңа тарихта бірегей оқиға ретінде жазылып, Ұлы жеңісті қамтамасыз етті.

Еске алу күнінде ТҮРКПА бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығы үшін жанын пида еткен шейіттердің мүбәрәк рухына тағзым етіп, шейіттердің рухтары пейіште болуын тілейді.