Friday, 27 January 2023, 15:38:14 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Әзербайжан Парламентінің Төрайымы ТҮРКПА Хатшылығына келді

2022 жылғы 23 қыркүйекте Хатшылыққа Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафарова ханым келді. Парламент басшысын ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мен Хатшылық қызметкерлері қарсы алды. Сагиба Гафарова өзімен ілескен делегацияның және Хатшылық қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Түркі әлеміндегі парламентаралық ынтымақтастықты дамытудағы Ассамблеяның рөлін жоғары бағалай отырып, Гафарова ханым Әзербайжан Парламентінің Ассамблея қызметін одан әрі қолдауға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Милли Меджлиске Хатшылықтың белсенді жұмыс істеуі үшін көрсеткен барлық қолдауы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ Төрайымның сапарына Хатшылық ғимаратымен танысу да, ішкі аулада ағаш отырғызу рәсіміне қатысу да кірді.