Friday, 27 January 2023, 15:53:14 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Шушада Түркі бизнес форумы өтті

2022 жылдың 16 қыркүйегінде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Шуша қаласында өткен азат етілген аумақтарды қалпына келтіру және дамытуға арналған Түркі бизнес форумына қатысты.

Форумды Түркі мемлекеттері ұйымы, Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы, Әзербайжан Республикасының Экономика министрлігі, Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі (ШОБДА) және Ұлттық Кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) ұйымдарының конфедерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстанның мемлекеттік органдарының, сондай-ақ түрлі ұйымдардың, дипломатиялық корпустың және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Форумның мақсаты Түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық, іскерлік және инвестициялық байланыстарды одан әрі тереңдету, кәсіпкерлер арасындағы диалогты ілгерілету және шетелдік кәсіпкерлерге Қарабақ аймағының экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстыру болды.

Жиын барысында лауазымды тұлғалар сөз сөйледі.

Форум аясында «Қарабақ және Шығыс Зангезур экономикалық аудандарының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында арнайы сессия өтті.