Friday, 27 January 2023, 15:37:06 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Хатшылықтың Әзербайжан-Армян шекарасындағы жақында болған жағдай туралы мәлімдемесі

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Хатшылығы Армения қарулы күштерінің Әзербайжан-Армян мемлекеттік шекарасындағы адамдардың өліміне және жарақаттануына әкелген Дашказан, Кельбаджар және Лашын бағытындағы әскери арандатуына қатты алаңдайды және айыптайды.

ТҮРКПА өзінің халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына бейілділігін және бауырлас Әзербайжанның халықаралық мойындалған шекараларының аумақтық тұтастығы мен мызғымастығын табанды түрде қолдайтынын растай отырып, Оңтүстік Кавказдағы орнықты бейбітшілік пен тұрақтылық үшін Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру жөніндегі күш-жігердің маңыздылығын атап көрсетеді.

Хатшылық шейіт болғандардың отбасы мүшелеріне және бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтып, шейіт болғандардың жатқан жері жайлы болуы үшін рухтарына дұға оқып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.