Friday, 27 January 2023, 15:58:32 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Баку қаласын азат етудің 104 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

2022 жылдың 15 қыркүйегінде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Әзербайжан мен Түркия бауырластығының жарқын көріністерінің бірі болып табылатын Баку қаласының большевик-дашнақ басқыншыларынан азат етілгенінің 104 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Түркияның Әзербайжандағы Елшілігі ұйымдастырған іс-шара Елшіліктің Нури Паша залында өтті.

Іс-шараға Түркияның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джахит Бағджы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гүнай Афандиева, депутаттар, ресми тұлғалар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ белгілі саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.

Ашылу сөзінде Елші Джахит Бағджы шейіттерді еске алып, армян қарулы күштерінің әскери арандатуы нәтижесінде қаза тапқан бауырлас халыққа көңіл айтты. Әзербайжан мен Түркия шейіттерін бір минут үнсіздікпен еске алып, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Конференция барысында Бас хатшы да сөз сөйледі.

Конференция алдында «Бакуді азат етуші» атанған бас қолбасшы Нури Паша басқарған Кавказ Ислам армиясының Бакуді азат етуінің 104 жылдығына арналған сурет көрмесі де ұйымдастырылды.