Friday, 27 January 2023, 15:27:29 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Лашын қаласы және Забух пен Сус ауылдарын Әзербайжанға қайтару туралы мәлімдеме

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Хатшылығы 2020 жылғы 9-10 қарашадағы Үшжақты мәлімдеменің ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатқан үдерістің бөлігі ретінде Лашын қаласы және Забух пен Сус ауылдарының Әзербайжанға қайтарылуын құптайды.

ТҮРКПА бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне байланысты өз бейілділігін растай отырып, Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған күш-жігерді қолдайтынын білдіреді және оның жалғасуы Оңтүстік Кавказда ұдайы бейбітшілік, тұрақтылық және орнықты дамуға қол жеткізуге ықпал ететініне сенеді.