Friday, 07 October 2022, 12:45:54 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Комиссия хатшысы Комиссия отырысына дайындық аясында Нұр-Сұлтанда кездесулер өткізді

2022 жылғы 4-5 тамызда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның хатшысы Бауыржан Датқаев мырза Қырғызстанда өтетін Комиссияның келесі отырысына дайындық аясында Нұр-Сұлтанда атқарушы билік өкілдерімен кездесулер өткізді.

Комиссия хатшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мырзамен кездесті. Тараптар Комиссияның келесі отырысының тақырыбы болатын ТҮРКПА аймағында транзиттік дәліздерді дамыту бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ Датқаев мырза Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты жөніндегі департаментінің директоры Эрик Жамбылов мырзамен де кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен ТҮРКПА-ның 11-ші пленарлық отырысында қабылданған Стратегиялық Жол Картасын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Тараптар тығыз байланыстарды одан әрі дамыту туралы уағдаласты.