Tuesday, 27 September 2022, 15:18:55 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА АӨСШК Жастар кеңесінің бесінші отырысына қатысты

2022 жылғы 14 шілдеде ТҮРКПА Жас парламентшілер тобының атқарушы хатшысы Элай Панахлы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің бесінші отырысына қатысты.

Іс-шара Нұр-Сұлтанда аралас форматта өтті және оған АӨСШК атқарушы директоры Қайрат Сарыбай мырза, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов мырза, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов мырза, Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Даирова ханым, жастар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ АӨСШК бақылаушы және серіктестік ұйымдарының, жастар ұйымдары мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Пленарлық және панельдік сессиялар барысында дискуссиялар жастар және студенттер алмасу бағдарламалары, жастар арасындағы суицид пен нашақорлықтың алдын алу, жастарды дамыту, жас парламентшілер және жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне бағытталды.

Элай Панахли ханым іс-шарада сөз сөйлеп, Ассамблеяның Жас парламентшілері тобының қызметі туралы хабардар етті.