Tuesday, 27 September 2022, 14:46:58 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қосылмау қозғалысының Парламенттік желісінің Баку конференциясына қатысты

2022 жылғы 30 маусымда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза Әзербайжан, Баку қаласында Гейдар Алиев аттындағы орталығында өткен Қосылмау қозғалысының Парламенттік желісінің Баку конференциясына қатысты.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев конференцияға қатысып, іс-шарада сөз сөйледі.

Іс-шарада сөз сөйлегенде Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сахиба Гафарова ханым қатысушыларды конференцияның күн тәртібі туралы хабардар етті.

Конференция Баку декларациясын және Парламенттік қосылмау қозғалысы желісінің жұмыс тәртібі туралы ережені қабылдады, ұйымның ресми логотипі мен туын бекітті, сондай-ақ оның төрағасы мен төрағаның орынбасарларын сайлады.

2022 жылғы 1 шілдеде конференция барысында Бас хатшы "Ғаламдық бейбітшілік пен орнықты дамуға жәрдемдесудегі ұлттық парламенттердің рөлін арттыру" атты іс-шара тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде Бас хатшы қазіргі әлемдегі парламенттік дипломатияның өсіп келе жатқан рөлі туралы, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақты дамуға қол жеткізудегі парламенттік ынтымақтастық пен парламентаралық ассамблеялар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың маңызды рөлі туралы айтты.

Конференцияға 40-тан астам елден парламенттік делегациялар және 9 халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қосылмау қозғалысының Парламенттік желісінің Баку конференциясына қатысушылар Әзербайжанның босатылған аумақтарын, оның ішінде мәдени астанасы Шушаны аралап, қайта құру және абаттандыру жұмыстарымен танысады.