Tuesday, 27 September 2022, 15:50:01 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

АӨСШК Атқарушы Директорымен екіжақты кездесу өтті

2022 жылғы 23-24 маусымда Шолпан-Атада өткен Он Бірінші Пленарлық отырыстың аясында Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) атқарушы директоры Қайрат Сарыбай мырза мен Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза екіжақты кездесу өткізді. Бас хатшыға ТҮРКПА-ның Он Бірінші Пленарлық отырысына қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіре отырып, Сарыбай мырза таяудағы АӨСШК қызметі туралы қысқаша айтып берді. Өз кезегінде Бас хатшы да Сарыбай мырзаға алғысын білдірді осы маңызды іс-шараға қатысқаны үшін АӨСШК-мен қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасып, ұйымдар арасындағы қызметті кеңейту жолдары туралы талқылау өткізді.