Tuesday, 27 September 2022, 14:57:39 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы Бас хатшыны қабылдады

2022 жылғы 3 маусымда ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов мырза ТҮРКПА Референдумды бақылау жөніндегі миссиясы шеңберінде Нұр-Сұлтанға сапармен келген Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзаны қабылдады.

Парламент басшысы Қазақстанның өз тәуелсіздігі тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басып жатқанын атап өтті. Ол Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізуді уақыт пен қоғам талап еткен тарихи шешім деп атады.

Қазақстанның өңірдегі маңызы мен рөліне тоқталған Бас хатшы референдум еліміздің одан әрі дамуындағы маңызды кезең болатынына сенім білдірді және референдумды өткізуге сәттілік тіледі.

Тараптар Ассамблеяның ағымдағы және болашақтағы қызметі туралы пікір алмасып, ТҮРКПА-ның 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық жол картасы да қабылданады деп күтілетін, 2022 жылғы 23-24 маусымда Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтетін алдағы он бірінші пленарлық сессияға дайындық барысын талқылады.