Tuesday, 27 September 2022, 14:27:31 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Әйел Парламентарийлер Тобының бірінші отырысы өтті

“ТҮРКПА-ға мүше елдердегі тұрақты даму саясатындағы Гендерлік мүмкіндіктер” тақырыбындағы ТҮРКПА Әйелдер Парламентарийлер Тобының бірінші отырысы 2022 жылғы 2 маусымда Қазақстан, Нұр-сұлтан қаласында, 2-ші Халықаралық Экоджер Конгресі аясында өтті. Кездесуді ТҮРКПА, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және Экожер қауымдастығы ұйымдастырды.

Кездесуге ТҮРКПА-ға мүше елдердің Парламенттік делегациялары, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы мен Сенатының мүшелері, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуді топ жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова ханым ашты.

Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар осы тақырыпта сөз сөйлеп, топтың гендерлік мәселелерді талқылау контекстіндегі маңыздылығын атап өтті.

Экожер Конгресінің пленарлық отырысы кезінде марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Топтық отырыстың барлық баяндамашылары пікірталасқа қосқан үлестері үшін марапатталды. Сондай-ақ, Экожер қауымдастығы іс-шараны ұйымдастырғаны және конгреске қатысқаны үшін алғыс білдіріп, ТҮРКПА -ға алғыс білдірді.