Tuesday, 27 September 2022, 15:26:38 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА миссиясы Орталық Референдум Комиссиясының Төрағасымен кездесті

2022 жылдың 4 маусымда ТҮРКПА-ның референдумды бақылау жөніндегі миссия өзінің байқау бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық Референдум Комиссиясының (ОАК) төрағасы Нұрлан Әбдіров мырзамен кездесті.

Қазақстан Республикасы Орталық Референдум Комиссиясының төрағасы ТҮРКПА бақылаушыларын Конституцияға түзетулер бойынша жалпыұлттық референдумға дайындық және ұсынылып отырған түзетулердің негізгі ерекшеліктері туралы ақпарлады. Әбдіров мырза дайындықтың материалдық-техникалық аспектілері, оның ішінде референдум әкімшілігі органдарының мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылар үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қабылдаған шаралары туралы хабарлады. Ол ТҮРКПА бақылаушыларының конституциялық түзетулер мен референдум өткізу туралы сұрақтарына жауап берді.

Миссия мүшелері референдумды әділ, еркін және ашық түрде өткізуде табыс тіледі.