Friday, 07 October 2022, 14:01:39 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА бақылаушылары Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарымен кездесті

2022 жылғы 3 маусымда өзінің бақылау бағдарламасы аясында Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Режеп Шекер мырза бастаған ТҮРКПА Референдумды бақылау миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Шәкіров мырза ТҮРКПА РБМ-ның референдумды бақылауының маңыздылығын атап өтті. Бақылаушыларға Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформаның негізгі аспектілері, сондай-ақ осыған байланысты жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Сондай-ақ, алдағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум Қазақстан халқының талап-тілектері мен ұсыныстары негізінде өткені баса айтылды.

Референдумның тарихи маңыздылығына тоқталған Миссия мүшелері дауыс беру үдерісінің нәтижелері елдің одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді.