Friday, 07 October 2022, 12:44:17 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Милли Меджлис Төрайымы «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» конференциясына қатысушыларды қабылдады

2022 жылғы 25 мамырда Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Жоғары мәртебелі Сагиба Гафарова Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі, ТҮРКПА және Әзербайжан Республикасының Омбудсмен институты бірлесіп ұйымдастырған «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» тақырыбындағы конференцияға қатысушыларды қабылдады. Кездесуге Түркі мемлекеттерінің парламентшілері мен омбудсмендері, сондай-ақ ТҮРКПА Бас хатшысы қатысты.

Парламент басшысы қонақтарды қарсы ала отырып, Милли Меджлистің Адам құқықтары жөніндегі комитетімен ынтымақтастықта өткізілген конференцияның маңыздылығын атап өтіп, мұндай конференцияның ұйымдастырылуын Түркі мемлекеттерінің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға берген маңыздылығының көрінісі деп бағалады. Милли Меджлис Төрайымы Түркі мемлекеттері институттары арасындағы ынтымақтастық мемлекетаралық қатынастарға өз үлесін қосатынын атап өтті.

Қатысушылар Милли Меджлиске қонақжайлылығы мен іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Тараптар адам құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, тәжірибе және ақпарат алмасу тұрғысынан конференцияның маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ конференцияға қатысушылардың 24 мамырда өткен Әзербайжанның мәдени астанасы және Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы Шуша қаласына сапары туралы пікір алмасты.