Friday, 07 October 2022, 13:53:18 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» атты конференция өтті

2022 жылдың 25 мамырында Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі, ТҮРКПА және Әзербайжан Республикасының Омбудсмен институты бірлесіп Түркі мемлекеттерінің парламентшілері мен омбудсмендерінің қатысуымен «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» тақырыбында конференция ұйымдастырды. Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының 20 жылдығына арналған ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының аясында өткізілген іс-шараны Милли Меджлис ұйымдастырды.

Бағдарлама ашылу сессиясын, «Адам құқықтарын қорғаудағы парламенттердің рөлі» және «Омбудсмен институттарының тиімді қызмет етуіндегі заңнаманы жетілдірудің маңызы» атты екі сессияны және қорытынды отырысты қамтыды.

Ашылу салтанатында Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Төрағасы Захид Орудж мырза, ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мырза, Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі (Омбудсмен) Сабина Алиева және ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының Төрағасы Эрол Кая мырза ханым сөз сөйледі.

Конференция сессиялары барысында мүше мемлекеттердің, сондай-ақ Өзбекстанның парламентшілері мен омбудсмендері демократиялық құндылықтарды қорғау және заңның үстемдігін құрметтеу тұрғысынан адам құқықтарын қорғауды, осы салада білім алмасудың маңыздылығын, гендерлік теңдікті, адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды ұлттық мүдделі тараптар ретінде парламенттер мен омбудсмен институттарының рөлін талқылауға назар аударды. Қатысушылар осыған байланысты өздерінің тиісті парламенттері мен институттарының қызметі туралы хабардар етті.

Конференцияға қатысушылар «Құрмет» аллеясына барып, Ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің қабіріне және «Шейіттер» аллеясына гүл шоқтарын қойды.

Конференцияға дейін 24 мамырда қатысушылар Әзербайжанның мәдени астанасы және 2023 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы Шуша қаласында болды.