Friday, 07 October 2022, 13:38:43 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

«ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» конференциясының қатысушылары Шушаға барды

2022 жылғы 24 мамырда «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» тақырыбындағы конференцияға қатысқан Түркі мемлекеттерінің парламентшілері мен омбудсмендері, сондай-ақ мүше парламенттердің өкілдері, мүше мемлекеттердің омбудсмен институттарының және ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері Әзербайжанның мәдени астанасы және Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы Шуша қаласына барды.

Қонақтарға Шушаның тарихы, тарихи, мәдени және діни мұралары, басып алу кезіндегі залалдар және қалада жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Сапар барысында қонақтар Шуша бекінісінің қабырғаларымен, қала алаңымен, «Жыдыр» жазығымен танысып, көрнекті Әзербайжан ақыны Молла Панах Вагиф кесенесін зиярат етті.

Сапар аясында конференцияға қатысушылар 8 айда салынып, пайдалануға берілген Қарабаққа әуе қақпасы ретінде белгілі Физули халықаралық әуежайымен де танысты.

«ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғау» тақырыбындағы конференцияны 25 мамырда Бакуде Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі, ТҮРКПА және Әзербайжан Республикасының Омбудсмен институты бірлесіп ұйымдастырды. Сондай-ақ конференция Әзербайжан Республикасы Омбудсмен институтының 20 жылдығына арналған болатын.