Friday, 07 October 2022, 12:25:39 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның семинары өтті

2022 жылғы 19 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен ТҮРКПА Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы аясында «Пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың өсуін тұрақтандырудағы ШОБ-тің инновациялық белсенділігі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға мүше мемлекеттердің парламентшілері мен сарапшылары, сондай-ақ Қазақстанның министрліктері мен басқа да мүдделі органдарының өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында Комиссия Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов мырза және Комиссия мүшелері – Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Ағалар Велиев мырза, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Дастанбек Жұмабеков мырза, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаттары Шенел Йедийылдыз мырза және Яшар Карадағ мырза сөз сөйледі.

Панельдік сессиялар барысында қатысушылар экономикадағы пандемияның теріс салдарын жоюмен қатар, заманауи әдістер мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, экономикалық дамуда жаңа тәсілдерді енгізуге күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтті. Қатысушылар мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтануы мен өсуін талқылай отырып, мүше мемлекеттер арасында сауда және қызмет көрсету үшін цифрлық көліктік-логистикалық тораптарды әзірлеуге және іске қосуға назар аударды. Экономиканы көлеңкеден шығару қажеттілігін атап өтіп, қатысушылар өз мемлекеттеріндегі шағын және орта бизнесті қолдау мен ілгерілетудің ерекше тәсілдері туралы пікір алмасты.

Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мырзамен, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев мырзамен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиев мырзамен кездесулер өтті.

Іс-шараға Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов мырза және Комиссия хатшысы Құндыз Рүстембекова ханым қатысты.