Tuesday, 27 September 2022, 15:51:22 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Әзербайжан-Түркия Бизнес қауымдастығының Басшысы Хатшылыққа келді

2022 жылғы 20 мамырда Әзербайжан-Түркия Бизнес қауымдастығының (ӘТБҚ) Басшысы Джемал Янгын Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрге ізеттілік сапарымен келді.

Тараптар бір-бірін өз ұйымдарының қызметі туралы хабардар етті. Кездесу барысында екіжақты экономикалық өсу, ағымдағы және болашақ жобалар, сондай-ақ Әзербайжан мен Түркия арасындағы тиісті салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу алдында, 19 мамырда Джемал Янгын мырзаның шақыруымен Бас хатшы Бакудағы ӘТБҚ-ның Жалпы отырысына қатысты.

Отырысқа Түркия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрі профессор доктор Вахит Киришчи, Түркия Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джахит Бағджы мырза, парламентшілер, Әзербайжан және Түркия кәсіпкерлері қатысты. Қатысушылар бауырлас екі ел арасындағы экономикалық қатынастар туралы пікір алмасты. Қауымдастық Басшысы Янгын мырза Түркия компаниялары Қарабақты қалпына келтіру жұмыстарында өз тәжірибелерімен бөлісетінін атап өтті.

Джемал Янгын мырза Қауымдастық Басқармасының Төрағасы болып қайта сайланды.

ӘТБҚ 2004 жылы Әзербайжанда жұмыс істейтін Түркия кәсіпкерлері Әзербайжан кәсіпкерлерімен бірге Әзербайжан экономикасын жандандыратын бастамалардың жаңа дамуында синергия құру мақсатында құрылды.