Tuesday, 27 September 2022, 14:11:40 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ЭЫҰПА үшінші Бас конференциясына қатысты

2022 жылғы 17 мамырда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза бастаған ТҮРКПА делегациясы Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі ұйымдастырған «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі ынтымақтастық: сын-тегеуріндер мен қалпына келтіру мүмкіндіктері» тақырыбындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының үшінші Бас конференциясына қатысты. Іс-шараға ТҮРКПА-ға мүше парламент басшылары мен олардың орынбасарлары бастаған парламенттік делегациялар қатысты.

Конференцияда Милли Меджлис Төрайымы Сагиба Гафарова ханым сәлемдеме сөзін сөйледі. Гафарова ханым ЭЫҰПА-ға төрағалық ету Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық Ассамблеясынан Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисіне берілгенін хабарлады.

Конференцияға қатысқан делегациялардың басшылары – Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Раджа Перваиз Ашраф мырза, Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Өкілдер палатасының Төрағасы Махмадтохир Зокирзода мырза, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп мырза, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының Спикері Нұрдинжон Исмоилов мырза, Иран Ислам Парламенті Спикерінің орынбасары Али Никзад мырза, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева ханым мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасының орынбасары Ұлан Примов Конференция барысында сөз сөйледі. Делегация басшылары мүше мемлекеттер арасындағы экономика, сауда, көлік, туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін, сондай-ақ осы тұрғыда парламенттердің рөлін атап өтті. Олар Конференцияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етудегі, сондай-ақ парламенттік делегациялардың екіжақты және көпжақты қатынастарын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Баку декларациясына қол қоюмен аяқталды.