Friday, 07 October 2022, 13:37:19 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Спикер Мұстафа Шентоп бастаған ТҰҰЖ делегациясы ТҮРКПА Хатшылығына келді

2022 жылғы 17 мамырда Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп ТҮРКПА Хатшылығына келді. Төрағамен бірге ТҰҰЖ парламенттік делегациясы және Түркияның Бакудегі дипломатиялық өкілдері жүрді.

Спикер бастаған делегацияны ТҮРКПА қызметкерлері қарсы алып, Хатшылық ғимаратымен таныстырды.

Тараптар Хатшылықтың ағымдағы жұмысы мен жоспарланған іс-шаралары туралы әңгіме жүргізді, сондай-ақ одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында Бас хатшы Түркия Парламентінің басшысын ТҮРКПА-ның қызметі, оның ішінде биылғы 23-24 маусымда Шолпан-Атада өтетін алдағы он бірінші пленарлық отырысқа дайындық туралы хабардар етті.