Friday, 07 October 2022, 12:51:56 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Әзербайжан-Түркия дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына арналған конференцияға қатысты

2022 жылғы 13 мамырда ТҮРКПА Халықаралық қатынастарды талдау орталығы (ХҚТО) және Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығы (СЗО) бірлесіп Баку қаласында ұйымдастырған «Шуша декларациясы және Әзербайжан-Түркия дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығы» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Конференцияға түркі мемлекеттерінің елшілері мен елшіліктерінің өкілдері, талдау орталықтары мен академиялық топтардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның ашылуында ХҚТО Төрағасы Фарид Шафиев мырза, СЗО Төрағасы Уфук Улуташ мырза және Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джахит Бағджи мырза сөз сөйледі. Ашылу рәсімінен кейін Әзербайжан мен Түркия арасындағы саяси және әскери қарым-қатынастарды, сондай-ақ энергетика, көлік және экономика саласындағы қарым-қатынастарды талқылауға арналған екі панельдік отырыс жалғасын тапты.

Соңғы 30 жылдың жетістіктерін атап өтіп, қатысушылар Шуша декларациясын екі бауырлас елдің тарихи қарым-қатынастарының келесі кезеңі ретінде белгіледі. Олар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бірегей және, әсіресе, қазіргі геосаяси ахуал жағдайында бұрын-соңды болмаған деңгейін және оның маңыздылығына баса назар аударды. Қатысушылар елдер арасында әзірленген өңірлік тетіктердің аймақтың дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті.