Friday, 07 October 2022, 13:00:38 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстанның парламенттік делегациясы Әзербайжандық әріптестерімен кездесті

2022 жылдың 22 сәуірінде Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің ұйымдастыруымен ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының 9-шы отырысы аясында Қазақстаннан келген парламентарийлер Ләззат Рамазанова ханым (Мәжіліс), ТҮРКПА Парламентші Әйелдер Тобының жетекшісі және Динара Нөкетаева ханым (Сенат), Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының мүшесі, Әзербайжандық әріптестері Малахат Ибрагимқызы ханым мен Садагат Валиева ханым, парламентші әйелдер тобының мүшелерімен кездесті.

Әзербайжан парламентшілері Қазақстанның делегациясын жылы қарсы алды. Тараптар ТҮРКПА Парламентші Әйелдер Тобының одан әрі дамуы мен оның болашақ қызметін талқылады. Олар Стамбул конвенциясы деп аталатын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы, сондай-ақ кәсіпкер әйелдерді қолдау сияқты халықаралық құжаттардың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Топ жетекшісі Ләззат Рамазанова ханым қатысушыларды 2022 жылғы 2 маусымда жыл сайынғы “ECOJER” Халықаралық Конгресі шеңберінде Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отырған топтың алдағы бірінші отырысына дайындық туралы хабарлады.