Friday, 07 October 2022, 13:18:34 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Парламентші Әйелдер Тобының танысу отырысы өтті

2022 жылғы 11 сәуірде онлайн форматта ТҮРКПА-ның Парламентші Әйелдер Тобының танысу отырысы ұйымдастырылды.

Кездесуге мүше мемлекеттердің парламентшілері, сондай-ақ Өзбекстан мен ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты.

Кездесуді Топ жетекшісі және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззәт Рамазанова ханым ашты. Ол қатысушыларға топтың болашақ қызметіне өз үлесін қосуға дайын екендіктері үшін алғыс білдіре отырып, кездесуге Өзбекстанның парламенттік делегациясының қатысуының маңыздылығын атап өтті. Топ басшысы Өзбекстанның Ассамблеяға жақын арада кіруіне үміт етіп отырғанын білдірді. Қатысушылар топтың жұмысы мен болашақ қызметін талқылады.

Топтың бірінші отырысын 2022 жылғы 2-ші маусымда Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКОЖЕР» Екінші Халықаралық Экологиялық Конгресс шеңберінде өткізу ұсынылды.