Tuesday, 27 September 2022, 16:10:24 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Әзербайжан Омбудсменімен кездесті

2022 жылғы 12 сәуірде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза бастаған ТҮРКПА делегациясы Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (Омбудсмен) Сабина Әлиева ханыммен кездесті.

Әлиева ханым ТҮРКПА делегациясын жақсы қарсы алып, Бас хатшыға келгені үшін өз ризашылығын білдірді.

Тараптар бір-бірін өздерінің тиісті институттарының қызметі туралы хабардар етіп, Түркі әлеміндегі ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде Түркі мемлекеттерінің омбудсмен институттары арасындағы өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты.

Тараптар 2022 жылғы 24 мамырда Бакуде өткізуі жоспарланып отырған ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде адам құқықтарын қорғауға арналған алдағы конференцияны да талқылады.

Әзербайжан Республикасының омбудсмен институты 2002 жылы құрылды. Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (Омбудсмен) Сабина Әлиева ханым Азия омбудсмендер қауымдастығы Директорлар кеңесінің Вице-президенті және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы омбудсмендер қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.