Tuesday, 27 September 2022, 14:03:56 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Модельдік заңды әзірлеу жөніндегі сарапшылар тобының алғашқы отырысы онлайн-форматта өтті

2022 жылғы 8 сәуірде Әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия шеңберінде онлайн форматта «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу бойынша сарапшылар тобының бірінші отырысы өтті. Кездесуге мүше елдердің парламенттері мен тиісті министрліктерінің сарапшылары, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты.

Сессияның ашылуында Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов мырза сөз сөйледі. Өз сөзінде Адуов мырза ТҮРКПА-ның Түркі елдері арасындағы интеграциялық процестерді жеңілдету үшін ортақ құқықтық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін атап өтті.

Отырыстың модераторы ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының хатшысы Бауыржан Датқаев мырза болды және кездесу Комиссия шеңберінде әзірленген «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы» модельдік заң жобасын талқылауға арналды. Қатысушылар ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттердегі әлеуметтік кәсіпкерлікті реттейтін нормативтік-құқықтық базаның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Қатысушылар сарапшылардың қатысуымен осындай кездесулер мен тұрақты консультациялар өткізудің маңыздылығын атап өтіп, келесі екінші отырысты 2022 жылғы 21 сәуірде Комиссияның семинары аясында Әзербайжанның Баку қаласында бетпе-бет жүздесу форматында өткізуге уағдаласты.