Tuesday, 27 September 2022, 15:58:38 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты

2022 жылғы 30-31 наурызда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы 2022 жылға Түркі Әлемінің Мәдени астанасы болып жарияланған Бурса қаласында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастырған ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.

Бурсадағы ТҮРКСОЙ іс-шаралары 2022 жылдың 30 наурызында қонақ делегациялар басшыларын Бурса губернаторы Якуп Жанболат мырзаның қабылдауымен басталды. Іс-шара Осман Ғази мен Орхан Ғази кесенелеріне барып, Ұлы Қарауыл ауысу рәсімін, 2022 жылға Түркі Әлемінің Мәдени астанасы Бурсаның үйлестіру орталығының ашылу салтанатын, “Түркі әлемінің мәдени астаналарына” арналған фотокөрмесін және басқа да мәдени іс-шараларды тамашалаумен жалғасты. Бурса қалалық муниципалитетінің мэрі Алинур Акташ мырза Тарихи мэрияда қонақтар делегациясын қабылдады.

Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мырза Бурса Түркі Әлемінің Мәдени астанасы отырысына төрағалық етті. 2022 жылға Түркі Әлемінің Мәдени астанасы Бурсаның ашылу салтанаты Наурыз алауын жағумен ілесті. Іс-шараға мүше елдердің мәдениет министрлері мен министрлер орынбасарлары, халықаралық ұйымдар мен ұлттық академиялық топтардың өкілдері қатысты.

2022 жылғы 31 наурызда ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс отырысында делегация басшылары сөз сөйледі. Тұрақты Кеңес бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. ТҮРКСОЙ-дың жаңа Бас хатшысы болып Сұлтанбай Раев мырза сайланды. 2023 жылға Түркі Әлемінің Мәдени астанасы болып Әзербайжанның Шуша қаласы сайланды.

Екі күндік іс-шара аясында Бас хатшы Түркі мемлекеттері делегацияларының басшыларымен кездесулер өткізді. Тараптар Түркі Әлеміндегі парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі және өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер туралы пікір алмасты.