Tuesday, 27 September 2022, 15:26:53 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркияның Бас Омбудсменімен кездесті

2022 жылдың 25 наурызында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Түркияның Бас Омбудсмені Шереф Малкоч мырзаға ізеттілік сапарымен келді.

Малкоч мырза кездескеніне өз ризашылығын білдіріп, Эр мырзаға ізгі сапары үшін өз қуанышын жеткізді.

Кездесу барысында тараптар ТҮРКПА-ға мүше елдердің Омбудсмен институттары шеңберіндегі болашақ ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Түркия Омбудсмен институты 2012 жылы құрылып, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысымен байланысты мекеме болып табылады, алайда, дербес жұмыс істейді. Түркияның Бас Омбудсмені Шереф Малкоч мырза Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Омбудсмендер қауымдастығының (ИЫҰОҚ) Президенті және Азия Омбудсмендер қауымдастығы (AOҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.