Tuesday, 27 September 2022, 15:59:08 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Халықаралық Балқан университетінің Ректоры ТҮРКПА Хатшылығына келді

2022 жылғы 11 наурызда Халықаралық Балқан университетінің Ректоры, профессор, доктор Мехмет Дурсун Эрдем бастаған делегация ТҮРКПА Хатшылығына келіп, Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзамен кездесті.

Эрдем мырза Эр мырзаны ТҮРКПА Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, болашақ бастамаларына сәттілік тіледі. Ол Бас хатшыны университеттің қызметі туралы хабардар етіп, одан әрі белсенді ынтымақтастыққа ниет білдірді. Өз кезегінде Бас хатшы ізеттілік сапары үшін алғысын білдіріп, Ректорға өз қызметінде сәттілік тіледі.

Тараптар ықтимал бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында Эрдем мырза Бас хатшыға өзінің соңғы басылымдарының жиынтығын, соның ішінде «мәңгілік тастар» болатын Күл Тегін, Білге Қаған, Тоньюкук сияқты түрік тіліндегі ең көне жазуларды қарастыратын «Көктүрікше» кітабын ұсынды.

Эрдем мырза бүкіл әлемнің академиялық орталарында танымал, халықаралық рецензияланатын «Turkish Studies» журналының негізін қалаушы – Бас редакторы және баспагері болып табылады.