Friday, 07 October 2022, 14:29:09 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА-ның Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының Төрағасы Хатшылыққа келді

2022 жылғы 10 наурызда Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі Денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы, ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының Төрағасы Ахлиман Амирасланов мырза ТҮРКПА Хатшылығына келіп, Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Амирасланов мырза Комиссия аясында жүзеге асырылатын болашақ қызметке тоқталды. Тараптар Комиссияның келесі 7-ші отырысына және 2022 жылғы мамырда Түркияда Комиссия шеңберінде ұйымдастырылатын семинарға дайындықты талқылады.

Бас хатшы Төрағаның ізгі сапары үшін өз қуанышы мен ризашылығын білдіріп, Комиссия қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Түркі мемлекеттері арасындағы қоршаған орта және денсаулық сақтау саласындағы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты.