Saturday, 24 September 2022, 21:04:42 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркия Президентінің Бас кеңесшісімен кездесті

2022 жылғы 1 наурызда Бас хатшы Түркия Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу мырзаға ізеттілік сапарымен жолықты. Топчу мырза Сүрейя Эр мырзаны ТҮРКПА Бас хатшысы қызметіне кірісуімен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Эр мырза жылы лебіздері үшін алғысын білдіре отырып, мүше парламенттер арасындағы өзара іс-қимыл және Ассамблеяның ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. Тараптар Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Шығармалары ұлттық мұратқа арналған белгілі мәдениет және саяси қайраткер Ялчын Топчу мырза қазіргі Президенттің Бас кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Түркия Республикасының 63-ші Үкіметінде Мәдениет және туризм салаларында тәуелсіз министр қызметін атқарған.