Tuesday, 27 September 2022, 15:38:52 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Баку қаласын азат етуші Кавказ Ислам армиясының Бас қолбасшысы Нури-пашаның қайтыс болғанына 73 жыл

Бүгін 2022 жылдың 2 наурызы Кавказ Ислам армиясының Бас қолбасшысы, Баку қаласын азат етуші Нури-пашаның қайтыс болғанына 73 жыл толды.

Әзербайжан мен Дағыстанның Осман империясынан көмек сұрауы бойынша сол кездегі Қорғаныс министрі болған үлкен ағасы Энвер-пашаның нұсқауымен 1918 жылғы 15 қыркүйекте 12 мың адамдық Кавказ Ислам армиясының басшысы болып, қысқа мерзім ішінде алдымен Баку қаласын азат етіп, Әзербайжанның түрлі аймақтарын жау басқыншылығынан құтқарған Нури-паша барша әзербайжандықтардың жүректерін жаулап алды.

1890 жылғы 5 мамырда Ыстамбұлда дүниеге келген Нури-паша 1909 жылы Манастыр әскери оқу орнын аға лейтенант шенімен бітіріп, Балқан түбегінің түрлі аймақтарында қызмет етті. 1911 жылы Триполи соғысына қатысқан. Осман империясы Бірінші Дүниежүзілік соғысқа кіргеннен кейін оған «Сұлтанның адъютанты» дәрежесі берілді. Ол 1917 жылға дейін Триполи мен Бенгазиде қызмет етіп жүргенде ағылшын, итальян және француз әскерлеріне қарсы көптеген шайқастарға қатысты.

Түркия Республикасы жарияланғаннан кейін құрған зауыттарымен Түрік қорғаныс өнеркәсібінің алғашқыларының қатарында болған Нури-пашаның (Киллигил) есімі Әзербайжанда да, Түркияда да сақталған.

Қайтыс болғанының 73-жылдығында Кавказ Ислам армиясының Бас қолбасшысы Нури-пашаны және барша шейіттеріміздің аруақтарына тағы да рақым сұрап және тағзым етіп, еске аламыз.