Saturday, 24 September 2022, 21:00:17 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы ТЫҮА Президентімен кездесті

2022 жылдың 28 ақпанында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Түркияның Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТЫҮА) Президенті Серкан Каялар мырзаға ізеттілік сапарын жасап жолықты.

Каялар мырза Бас хатшыны қызметке кірісуімен құттықтап, келешек бастамаларына сәттілік тіледі. Кездесу барысында тараптар болашақ ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

ТЫҮА алғаш рет 1992 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Кавказдағы Түркі мемлекеттерін қолдауға техникалық көмек көрсететін ұйым ретінде құрылды. Алайда, 2002 жылдан бастап, Түркия Үкіметінің көпжақты сыртқы саясатына сәйкес көмек көрсету қызметі кеңейтіліп, Азия, Африка және Латын Америкасының барлық дамушы елдерін қамтыды. Бүгінгі таңда ұйым 5 континенттегі 60 елде орналасқан 62 бағдарламаларды үйлестіру кеңселері арқылы 150-ден астам елде жұмыс істейді.