Saturday, 24 September 2022, 20:48:57 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА мен Қырғызстандағы ФЭҚ өкілдігі бірлесіп шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды

2022 жылғы 25 ақпанда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің қолдауымен ТҮРКПА және Фридрих Эберт Қорының Қырғызстандағы өкілдігі (ФЭҚ) бірлесіп Бішкекте «Пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың өсуін тұрақтандырудағы ШОБ-тың инновациялық белсенділігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Сессияның ашылуында Жогорку Кенештің депутаты Айсара Әбдібаева ханым, ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мырза және ФЭҚ өкілдігінің басшысы Филипп Ян мырза сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел Жогорку Кенештің депутаттары мен өкілдері, Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігінің өкілдері, бизнес-қауымдастықтар, бизнес-омбудсмен институты, бизнес-кеңес өкілдері және Қырғыз Республикасының академиялық топтары қатысқан екі жұмыс сессиясынан құралды.

Өз сөзінде Әбдібаева ханым шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ ШОБ-та цифрландыруды кеңінен енгізу қажеттігіне және бизнестің жаңа талаптарға сай болуға дайындығына назар аударды. Ол барлық мүдделі тараптардың шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтап, Жогорку Кенешке ТҮРКПА бастамаларын қолдағаны үшін және Қырғызстандағы ФЭҚ өкілдігіне іс-шараны бірлесіп ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Ол елдің және бүкіл өңірдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және тұрақты дамуына ықпал ететін барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, ынтымақтастықтың осындай форматының маңыздылығына баса назар аударды.

Өз кезегінде, ФЭҚ өкілдігінің басшысы Филипп Ян мырза экономиканы тұрақтандыру мен шағын және орта бизнесті, әсіресе қазіргі жағдайда, дамытуда өзара ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті.

Бизнес-қауымдастықтардың өкілдері шағын және орта бизнестің қазіргі проблемалары туралы айтып, проблемаларды шешу жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Олар Қырғызстанда шағын және орта бизнестің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін барлық тараптармен, соның ішінде мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара ТҮРКПА Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы аясында өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның хатшысы да қатысты.