Saturday, 24 September 2022, 20:44:36 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

«Трэнд» ақпараттық агенттігінің өкілдері Хатшылыққа келді

2022 жылғы 21 ақпанда «Трэнд» ақпарат агенттігінің Бас директоры Ильгар Гусейнов мырза мен Шетелдік жобалар дирекциясының басшысы Руфиз Хафизоғлу мырза ТҮРКПА Хатшылығына келіп, Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзамен кездесті.

Гусейнов мырза «Трэнд» ақпараттық агенттігінің ағымдағы жобаларын қоса алғанда Кавказ және Каспий өңірлеріндегі, сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропадағы ауқымды қызметі туралы хабардар етті. Ол «Түркі әлемі» бірегей цифрлық жобасына «Трэнд» ақпараттық агенттігі мен Түркияның «Албайрак» медиа-тобының бастамасымен құрылған Түркі мемлекеттерінің жаңалықтарын біріктіретін медиа-платформаға ерекше назар аударды. Қазірдің өзінде Түркі мемлекеттерінің ресми мемлекеттік медиа агенттіктері 8 тілде жұмыс істейтін платформаға қосылды деп хабарланды.

Бас хатшы қонақтарға ризашылығын білдіре отырып, «Трэнд» ақпарат агенттігінің Түркі мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарын ортақ медиа-платформаға тарту жөніндегі бастамаларын құптады. Бас хатшы Түркі мемлекеттері арасындағы БАҚ саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, платформаның табысты жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Тараптар одан әрі белсенді ынтымақтастық туралы пікір алмасты.