Saturday, 24 September 2022, 19:55:48 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Түркияның бұрынғы Елшісі Хатшылыққа келді

2022 жылғы 16 ақпанда Түркияның Әзербайжан Республикасындағы бұрынғы Елшісі Хулуси Кылыч мырза Хатшылыққа келіп, Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзамен кездесті.

Бас хатшы Кылыч мырзаның ізгі сапары үшін өзінің ризашылығы мен алғысын білдірді. Тараптар Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында Хулуси Кылыч мырза Бас хатшыға 2021 жылы жарияланған Әзербайжанның Ұлы Жеңісіне әкелген даңқты 44 күнге арналған кітабын ұсынды. Кітапта Ұлы Отан соғысы кезіндегі бұрынғы Елшінің сұхбаттары мен жеке ойлары туралы материалдар бар.

Хулуси Кылыч мырза 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін Түркия Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2012 жылы Кылыч мырза Әзербайжан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Ильхам Әлиев тарапынан екі мемлекет арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Әзербайжан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы «Достлуг» орденімен марапатталды.