Monday, 16 May 2022, 19:26:40 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы Қырғыз-Түрік Манас университетіне барды

2022 жылдың 13 қаңтарында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы Қырғыз-Түрік Манас университетінің (ҚТМУ) Бірінші проректоры Асылбек Құлмырзаевпен кездесті. Проректор профессор Мұстафа Орчан, Бас хатшы доцент, доктор Октай Өзгүл, Сыртқы істер департаментінің директоры доктор Кадри Ағгүн, Радио және теледидар директоры, Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары доктор Бүлент Намал да кездесуге қатысты.

Кездесу барысында Құлмырзаев мырза университеттің қызметі туралы толық ақпарат беріп, КТМУ QS (Quacquarelli Symonds) рейтингінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 451 үздік университеттерінің арасында 156-шы орынға ие болғанын атап өтті. Рейтинг 30 елдің университеттерін 10 түрлі критерий бойынша бағалау арқылы жасалады. QS әлемдегі ең танымал университеттер рейтингінің бірі ретінде белгілі.

Өз кезегінде, Бас хатшы университетті халықаралық деңгейде мойындатқан жоғары талаптарға жауап беретін Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде жоғары бағалап, сәтті жүзеге асырылып жатқан академиялық жұмыстың нәтижесінде білім мен ғылымды қоса алғанда, түрлі салаларда жоғары білікті мамандарды даярлаудағы университеттің рөлін атап өтті.

Сапар аясында Бас хатшы «MEDIAMANAS Live» телеарнасына және «Anadolu» агенттігіне сұхбат берді. МЕДИАМАНАС – бұл университеттің Медиа Орталығы, онда Қырғызстан мен Орталық Азияның ең заманауи жабдықтары бар телестудия мен радиоарна бар. Орталықты университет қызметкерлері ғана пайдаланбайды, сонымен қатар ол басқа да мемлекеттік және жеке телеарналарға, музыканттар мен продюсерлік студияларға ашық. Ол Түркия мен Қырғызстанның беделді медиа-ұйымдарында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген өзінің тәжірибелі командасымен тамаша сервис ұсынады.