Thursday, 29 September 2022, 15:11:31 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Бішкекте TIKA Бағдарламаларын үйлестірушісімен кездесті

2022 жылғы 12 қаңтарда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы Бішкектегі Түркия Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесіне барды. Бағдарламаның үйлестірушісі Осман Уста Бас хатшыны TIKA-ның Қырғыз Республикасында іске асырып жатқан елеулі жобалары мен болашақ қызметі туралы хабарландырды.

Бас хатшы Қырғыз халқының әлеуметтік әл-ауқатына ықпал еткен Бішкектегі TIKA-ның Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесі атқарған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

ТҮРКПА делегациясы TIKA іске қосқан ірі жобалардың бірі болып табылатын, жоғары технологиялық медициналық операциялар саласында, әсіресе кардиология саласында маманданған Қырғыз-Түрік достығы ауруханасының ғимаратымен де танысты.

TIKA алғаш рет 1992 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Кавказдағы Түркі мемлекеттерін қолдауға техникалық көмек көрсететін ұйым ретінде құрылды. Алайда, 2002 жылдан бастап Түркия Үкіметінің көп қырлы сыртқы саясатына сәйкес көмек көрсету қызметі кеңейтіліп, Азия, Африка және Латын Америкасының барлық дамушы елдерін қамтыды. Бүгінгі таңда TIKA 5 континенттегі 60 елде орналасқан 62 бағдарламаларды үйлестіру кеңселері арқылы 150-ден астам елде жұмыс істейді.