Tuesday, 04 October 2022, 17:56:42 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасына барды

2022 жылғы 12 қаңтарда Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы Алыкулы Османов атындағы Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Гүлнара Байтақовамен кездесті.

ТҮРКПА делегациясы Кітапхананың қызметі туралы хабардар болып, оның үй-жайларымен, сондай-ақ Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен жұмыс істейтін Шыңғыс Айтматов атындағы Қырғыз-Қазақ Мәдени орталығымен және Қырғыз-Түрік Мәдени орталығымен танысты.

Өз кезегінде Бас хатшы бауырлас Түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Түркі Әлемінің ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов атындағы Орталықтың ашылуын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, ол ТҮРКПА-ның Түркі ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретінде Кітапхананың тиісті салалардағы қызметін қолдауға дайындығын білдірді.